Қыздарымыз оқуларын бітіргеннен кейін өз бетінше өмір сүруге дайын болуы тиіс - Ә.Бимендина
Қыздарымыз оқуларын бітіргеннен кейін өз бетінше өмір сүруге дайын болуы тиіс. |
Бұл пікірді бүгін Астана қаласының әкімдігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау барысында Астана қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина білдірді.
«Біздің қыздарымыз оқу бітіргеннен кейін жаңа өмірге дайын болуы, бейімделуі қажеттігін қазірден бастап ойластыруымыз қажет», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл бағытта басқарманың Білім және ғылым министрлігіне арнайы ұсынысы да бар. «Біздерде ұсыныс бар, егерде Мемлекет басшысы біздің алдымызға міндет жүктеп отырса, онда шындығында да біз бұл санатты естен шығармауға тиістіміз», - деді Ә.Бимендина.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін