Қызды зорлаған 22 жасар Астана тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызды зорлаған 22 жасар Астана тұрғыны ұсталды

Қызды зорлаған 22 жасар Астана тұрғыны ұсталды

Астанада кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін бұрын сотталған Астана тұрғыны қолға түсті, деп ІІМ ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің бастық орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

  • 29 Маусым 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Астана полициясына өзінің 6 жасар қызын зорлап кеткені туралы баланың анасы шағым түсірді. Сол күні оперативтік іздестіру шаралары барысында өз үйіне қыз баланы алдап кіргізіп алып, зорлаған Кирпичный кентінің 22 жасар бұрын сотталып шыққан азаматы қолға түсті», — деді ол сәрсенбі күні брифингте.

Кейін белгілі болғандай, ұсталған қылмыскер зардап шегушінің көршісі екен.

Соңғы жаңалықтар