«Астана полициясына өзінің 6 жасар қызын зорлап кеткені туралы баланың анасы шағым түсірді. Сол күні оперативтік іздестіру шаралары барысында өз үйіне қыз баланы алдап кіргізіп алып, зорлаған Кирпичный кентінің 22 жасар бұрын сотталып шыққан азаматы қолға түсті», — деді ол сәрсенбі күні брифингте.
Кейін белгілі болғандай, ұсталған қылмыскер зардап шегушінің көршісі екен.