Белгілі сексолог Әнел Нұржаубаева өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде жыныстық-қатынас жайлы оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берді.
Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
— Қыз қатты қозып, қыздық перде алынбай қалуы мүмкін бе?
— Иә, мүмкін.
— Жақсы сөйлесіп жүріп, кенеттен жоғалып кететін адамды не деп атаса болады?
— Өзі нені қалайтынын білмейтін адам.
— Ішті қалай кетіруге болады?
— Вакум және жаттығу арқылы, сосын тамақты азайтыңыз.
— Қыздың жыныс мүшесі ылғалданса, пәк болғаны ма?
— Сұрағыңызды түсінбедім, ылғалдану әркімде болады. Қалыпты жағдай қыз екендігін білдірмейді.
— Күйеуім көзіме шөп салып жүр, ажырасқан дұрыс па екен?
— Ең алдымен себептерін анықтаңыз, шешілетін мәселе ме? Шешілетін болса әрекет жасап көріңіз, өзіңіз өзгеруге тырысыңыз. Сосын ғана щешім қабылдаңыз.
— Етеккірі келгенде асты ауырған қалыпты жағдай ма?
— Иә, қалыпты жағдай. Бірінші күндері қатты келеді сол кезде ауыр көтермеңіз, жаттығу жасамаңыз. Дем алу керек.
— Мен қалаймын, бірақ жолдасыма айтуға ұяламын. Жасы үлкенірек. Не істесем болады?
— Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұялу- көп нәрсеге алып келеді. Ақырындап өзіңіз білетін жолмен айтып көріңіз.
— Әйел екі-үш рет босанған соң сезбей қалады дейді,сол рас па?
— Көбінесе солай болады. Қынап еттері тонусты жоғалтады. Сол үшін тренажермен жаттығу жасап қалпына келтіру керек.