—Қақылдай бермеші, мам! Қақылдай бермеші! Мен 17 жасар қызбын, мам! Түсінесіз ба сіз соны?! Өз басымды өзім алып жүре аламын. Өзім жеке өмір сүре аламын.
-Аружан, бесіктен белің шықпай жатып қалай-қалай сөйлейтін болғансың маған!
Бойжеткен сабағынан қалып, анасымен дөрекі сөйлесуді шығарған. Тіпті айтқан екі сөзінің бірі өтірік екені әшкере болады. Ол өзіне тапқан-таянғанын беріп отырған анасынан нені жасырады? Жігітке деген махаббат шешесі мен қызының арасына қаяу түсіре алады ма? Ал егер тіпті көңіл қосып жүрген азамат әкесімен жасты болса не істеу керек? Осы сияқты сұрақтардың жауабын ертең кешкі сағат 19:30-да басталатын «Әйел қырық шырақты» телехикаясынан таба аласыздар.