Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
— Өмірлік жарыңыз өзіңізден кіші болса қалай қарайсыз?
— Махаббат жасқа қарамайды дейді ғой, шынында алып қарасақ ертеңгі күні не боларын білмейміз, неде болса жүрегімізге егіз жаралған теңімізге қоса көрсін құдайым.
— Бақытты болып бақытсыз ба? Бақытсыз болып бақытты ма?
— Сұрағыңыз біраз ғажап екен. Айналаға мән беріп қарасақ,біреулер бар бақыт жолында сан сүрініп,қаншалаған қиын қыстау кезеңдермен, бақытсыздарды артқа тастап, шаршап талып жүріп қол жеткізеді де сол бақытын бағалап, ары қарайғы өмірінде қадірін біліп,қызғыштай қорып өтеді. Ал кейбір жандар, құдайдың үйіп-төгіп берген бағын,жақсылығын бағалай алмай, қолдан ұшырып алып жатады,барған сайын құрдымға кеиіп,не артқа қайта алмай бармағын тістеп қалып жатқандар қаншама???
Ал енді ойлап қараңыз, жауабы белгілі деп ойлаймын!
— Қатты қызғаншақсыз?
— Ол адам баласында бар сипат,бірақ қашан,қайда,кімге қолданасың,және қаншалықты мөлшерде
Біреулер бар қызғанышты ішітарлыққа ұластырып,біреудің өскенін,өнгенін,бақытын көре алмай көзін сүзетін,мен ондайдан аулақ болғым келеді,ешкіммен өзімді салыстырмаймын!
Адам қашан тұлға болып қалыптасады?
Өзін басқамен салыстыруды тоқтатқан сәттен бастап
Мен бұл жерде айтпақшы болғаным,қазған! Жақыныңды жамандықтан қызған,өзіңді ойы бөтен лас ниеттілерден қызған,қорған! Сүйген жарыңды қызған(асыра сілтемей), орнымен болған қызғаныш тәтті.
—
Сіздің артыңыздан ерген шәкірт бар ма,әлде келешекте болады ма?
— Қазір өзім шәкіртпін,үлгі алар тұлғаларым бар,толыққанды деңгейге жетіп, тәжірибеммен білімімді бөлісетін күндер алыс емес деп ойлаймын! Ең бастысы абырой берсін өнер жолымда!
— Сұлулықтың сиқыры неде?
— Сыртқы бейнең жан дүниеңнің айнасы,ол рас!
Қайғырып көрші, өңің ашылмай,жүзің салбырап шаршап кетеді, күлімдеп көрші іштей тыныштықта, шүкіршілікте, ең бастысы жан тазалығында болшы, жүзің қалай бал-бұл жайнап нұр төгер екен
Және тазалық ол сұлулық қосатын дүние,үсті басың таза әрі жинақы болсын. Ал ең бастысы шебер Аллаға және бар сұлулығын аямаған анамызға рахмет!
Қазіргі таңда екі баланың анасы Ақбота жаңа жобаға дайындық үстінде екендігін айтты.
Жақында баласының 5 жасқа толған туған күнін атап өткен кеште әншінің экс.күйеуі Дәурен Айдарқұловта төбе көрсеткен еді.