Жарияланды: 380

Қызғаныштан қонақ үйге «бомба қойған»

Алматыда жеке меншік қонақ үйлердің біріне бомба қойылды деп жалған ақпар берген 43 жастағы тұрғын ұсталды.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, кеше күндіз қоңырау шалған белгісіз ер адам қонақ үйді жарып жіберемін деп қоқан-лоққы көрсеткен. «Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқару қызметі 30 адамды эвакуациялады. Мамандар жалпы аумағы 4 мың шаршы шақырымнан асатын 6 қабатты ғимаратты бір сағатта тексеріп шықты. Қонақ үйден ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоңырау шалған қаскөйдің аты-жөні 15 минут ішінде анықталып, жарты сағаттан кейін ол тұтқынға алынды. «Телефон бұзақысы бұрын екі рет сотталған 43 жастағы жергілікті азамат болып шықты. Араққа сылқия тойған ол қоңырау соқпас бұрын қонақ үйде жұмыс істейтін сүйіктісімен ренжісіп қалған көрінеді. Өш алу мақсатында әйелдің жұмыс орнына қоңырау шалып, бомба қойылды деп хабарлаған. Ол өз үйінде қолға түсті», - дейді полицейлер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін