Жарияланды: 290

Қызмет барысында қаза тапқан полицейлердің наградалары жақындарына табысталды

Ақтөбеде жол сақшыларының кәсіби мерекесі қарсаңында қызмет барысында қаза тапқан полицейлердің наградалары отбасыларына табысталды. Жазда қаланың қақ ортасында қарулы қақтығыс кезінде лаңкестік топтың жолын кеспек болған инспектор Темірбек Жақсылықбаевтың да ерлігі елеусіз қалмады.

Гүлфия Жақсылықбаева, Т. Жақсылықбаевтың жесірі:

- Темірбек жоқ дегенге  мен әлі күнге сен алмаймын. Былай қарағанда, қазір үйге келетін сияқты күтемін. Суреттері барлық жерде тұр. Қараймын. Сөйлесемін суреттерімен. Ол менде ең мықты, ең, ең сондай жақсы азамат болды. Осы сөз жетеді айтуға. Қиын, өте қиын. 

Темірбек Жақсылықбаев тура алты ай бұрын лаңкестердің қолынан оққа ұшқан болатын. Қарулы топ сол жолы құқық қорғау органдарына өліспей беріспеуге бел байлап, қаланың қақ ортасында атысқан-ды. Сегіз сағатқа созылған арнайы операция кезінде жастары 20-дан жаңа асқан екі лаңкестің көзі жойылды. Ал тірі қалған жалғыз сыбайластары Ғабит Құрманқұл 12 жылға бас бостандығынан айрылды. Бүгінгі еске алу шарасы барысында марқұм болған жол сақшыларының туыстарына «Жол полициясының құрылғанына-20 жыл» арнайы мерекелік медаль тапсырылды. Сонымен қатар қаржылай көмек те берілетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін