Қызметтен босатылған энергетика вице-министрі жаңа лауазымға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызметтен босатылған энергетика вице-министрі жаңа лауазымға ие болды

Қызметтен босатылған энергетика вице-министрі жаңа лауазымға ие болды

Әсет Мағауов биыл қазанда елдегі жанармай дағдарысына байланысты қызметінен босатылған болатын

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 167
Фото - Caravan.kz

Әсет Мағауов Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлады қауымдастық баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Kazenergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бұйрығымен "Kazenergy қазақстандық мұнайгаз және энергетика ұйымдарының қауымдастығы" бас директоры болып 4 желтоқсанда Әсет  Мағауов тағайындалды. Ол қауымдастықты 2012-2016 жылдары басқарған.

Бұдан бұрын Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарған еді, биыл қазан айында ҚР үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатқан болатын. Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жанармай ахуалына байланысты сөгіс жариялаған.


Соңғы жаңалықтар