Ол шілденің 27-сі күні Астанадан Дубайға ұшып, Бахрейнге жеткен. Соңғы рет 29 шілдеде байланысқа шығып, қонақ үйге жұмысқа орналасқанын жеткізген екен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ал Тагинаның анасы тікелей эфирге шығып, қызын тауып беруді сұрап жылады.
"Ешқандай ақпарат жоқ. Бірінші күннен-ақ бірдеңе боларын сездім. Көңіл-күйі болмай тұрды. Бізге ештеңе айтпады. Бахрейнге жетіп алған соң барып, ватсаппен "кешіріңдер" деп жазды. Кімнің көмегімен кеткенін білмеймін. Виктор Иванович деген біреуді айтқан. Полина Григорьевна деген біреу арқылы тауыпты. Сіздерден жалынып сұраймын. Қызымды тауып беріңіздерші" деді Матлюба Ханжанова КТК телеарнасының жүргізушісіне берген тікелей сұхбатында.