Қызыл кітапқа енгізілген жануралар мен құстарды заңсыз аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалмақ - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызыл кітапқа енгізілген  жануралар мен құстарды  заңсыз  аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалмақ - ШҚО

Қызыл кітапқа енгізілген жануралар мен құстарды заңсыз аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалмақ - ШҚО

Аягөз ҚАІІБ қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Шұбартау ауылдық округінде УАЗ автокөлігін ұстаған, 50 жастағы жүргізушіден басқа автокөлік ішінде екі жолушы 47 жастағы Бидайық ауылының тұрғыны және 39 жастағы Мәдениет ауылының тұрғыны болған. Ұсталғандардың бәрі браконьерлер, ешқайда жұмыс істемейтін және бұрын сотталмаған азаматтар.

  • 13 Қараша 2012
  • 1419
Фото - Caravan.kz

Автокөлікті қарау барасында жүк салғыштан ақбөкеннің екі тушасы және бір қасқырдың тушасы табылып, алынған. Аталған азаматтар бейкүнә жанураларды ізіне түсу арқылы атып алғандары анықталды. Келтірілген залал жарты миллион теңгені құрады (ескерт. мүйізді еркек жануар -200 аек (323 600 теңге) ұрғашы жануар -150 аек (242 700 теңге).

Кең даламыздың символы –ақбөкендер — құрып кетудің алдына тұрған жануралардың қатарына жатады. Осыдан он жыл бұрын олардың саны миллиондаған болса, қазіргі уақытта бұл жануарлар табынының 2 пайызы — 20-25 мыңдайы ғана қалды. Яғни, сайғақтардың саны 40 есе азайған. Адамзаттың жануралардың бұл түріне ерекше қызығушылық таныту себебі –оның мүйізінің ғажайып емдік қаситенің болуында. Осы жағдайға байланысты 2012 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылға дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынған.
Аталған факті бойынша механикалық құралдарды қолдану арқылы заңсыз аң аулағаны үшін 200-ден 500 АЕК-ге дейін айыппұл салуды қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 288 бабының 1 бөлігі Б тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
РS. Ақбөкендердің кең даладан басқа жерде өмір сүре алмалары себепті, оларды әлемнің бірде-бір зообағынан көру мүмкін емес екендігін атап айтқан жөн.

Сондай-ақ, Жарма АІІБ лицензиялық-рұқсат ету жүйесі қызметкерлері жануарлар әлемін қорғау жөніндегі инспекциямен бірлесіп жедел іс-шаралар өткізу барысында Былқыдақ ауылының ешқайда жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған 58 жастағы тұрғынының үйінен «Бүркіт» құсын алған. Оған қатысты орнитологиялық сараптама тағайындалды. Келтірілген залал 647200 теңгені (400 АЕК) құрайды.
Қызыл кітапқа енгізілген жануралар мен құстарды заңсыз аулау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 290 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қарастырылуда. Алынған құс Өскемен қаласының зообағына орналастырылды, құс ол жерде көктемге дейін болып, күн жылыған соң бостандыққа жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар