Қызыл судың кесірі! Еліміздің орталығы мен солтүстігі тасқыннан зардап шегіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызыл судың кесірі! Еліміздің орталығы мен солтүстігі тасқыннан зардап шегіп жатыр

Қызыл судың кесірі! Еліміздің орталығы мен солтүстігі тасқыннан зардап шегіп жатыр

Жағдай әсіресе Қарағанды облысында күрделі. Мұнда еріген қар суы 35 елді-мекенді шайған. 2 мыңдай үй енді тұруға жарамсыз. 7 мыңдай адам қауіпсіз жерге шұғыл көшірілуде. Қырылған мал басы да жүздеп саналады. Тасқын осы аймақтардағы тас жолдарды да түгел шайған. Қазір төрт облыста көлік қатынасы тұралап тұр.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz

Сел соғып үйлері қираған бұл өңірдің халқы бір мезетте босып кеткендей. 35 ауылдың 7 мыңдай тұрғыны бас амандығын ойлап, су астында қалған шаңырақтарынан үдере көшкен. Құтқарушылар мүмкіндігі жеткендерді автобуспен, ал жолын су шайып кеткен кейібір ауылдан тұрғындарды пойызбен әкетіпті.

Данияр Сүлейменов, Қарағанды облыстық ТЖД бөлім бастығы:

— Қортай ауылынан жүзден астам әйел адам, бала-шаға Ақ мешіт ауылына көшірілді. Ер адамдар қорғаныс бөгеттерін жасауға көмектесуде.

Шет ауданындағы Шерубай-Нұра өзені арнасынан тасып тұрғындар түгелімен Ақсу ауылын тастап кетіпті. Бұқар жырау ауданының Жастілек елді-мекеніндегілер де дәл осылай өзге жаққа бас сауғалаған. Тұрғындардың көбісі қолына іліккен киімін киіп, құжаттары мен ақшаларын ала алмай қалған. Себебі, лап қойған қызыл судың деңгейі кейбір елді-мекендерде екі-үш метрге дейін көтерілген. Нұра ауылының өзінде алғашқыда адамдарды көрші ауылдың мектебіне, кейін білім ошағы да суға кететін болғасын Теміртау мен Қарағандыға жеткізіліпті.

Тасқын жолдардың өзін шайып, әр жерден бұзып кетіп жатыр. Қазір Павлодар-Қызылорда трассасында қатынас тоқтаған. Ағын судың екпініне тіпті көпірлер шыдамай қирапты.


Юрий Шестюк, Киевка ауылының тұрығыны:

-Судың екіпіні қайта өршіп бара жатқан сияқты. Ағыс та сағат санап үдеп барады.

Қазір құтқарушылар күні-түні өзен бойларын бақылаумен жүр. Әлі қауіп сейілмеген. Су арнасынан еркін өтуі үшін мұзарды жарып жатыр. Апаттан әзірге адам шығыны жоқ. Дегенмен қырылған ірілі-ұсақты мал басы жүздеп саналады. Жергілікті билік халыққа келген шығынды тасқынның беті қайтқан соң есептейміздеп отыр. Одан соң бюджеттегі қордан ақша бөліп, қираған ауылдарды қалпына келтіреміз дейді.