Жарияланды: 580

Қызыл теңізде кеме апатқа ұшырап, 200-ге жуық адам опат болды

Африкадан Саудия Арабстанына жетпек болған 200-ге жуық мигрант Қызыл теңізде кеме апатының салдарынан қаза болды,

деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы. «Судан медиа-орталығы» агенттігінің ақпараты бойынша, тек үш жолаушы ғана аман қалған. Алдын-ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиғаға кеме бортынан шыққан өрт себеп болған. Кеме - заңсыз мигранттарды тасымалдаумен айналысқан Йеменнің төрт азаматынікі болған. Олар Порт-Судан штатында қамауға алынды. ВВС тілшісінің хабарлауынша, жыл сайын Қызыл теңіз арқылы Африкадан Саудия мен Йеменге мыңдаған заңсыз мигрант тасымалданады екен. Маусым айында Тунис жағалауында Ливиядағы азаматтық соғыстан қашқан 8-ден астам босқын мінген паром аударылып, 150 адам қаза болған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін