Қызыл теңізде кеме апатқа ұшырап, 200-ге жуық адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызыл теңізде кеме апатқа ұшырап, 200-ге жуық адам опат болды

Қызыл теңізде кеме апатқа ұшырап, 200-ге жуық адам опат болды

Африкадан Саудия Арабстанына жетпек болған 200-ге жуық мигрант Қызыл теңізде кеме апатының салдарынан қаза болды,

  • 7 Шiлде 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

«Судан медиа-орталығы» агенттігінің ақпараты бойынша, тек үш жолаушы ғана аман қалған.

Алдын-ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиғаға кеме бортынан шыққан өрт себеп болған. Кеме — заңсыз мигранттарды тасымалдаумен айналысқан Йеменнің төрт азаматынікі болған. Олар Порт-Судан штатында қамауға алынды.

ВВС тілшісінің хабарлауынша, жыл сайын Қызыл теңіз арқылы Африкадан Саудия мен Йеменге мыңдаған заңсыз мигрант тасымалданады екен.

Маусым айында Тунис жағалауында Ливиядағы азаматтық соғыстан қашқан 8-ден астам босқын мінген паром аударылып, 150 адам қаза болған еді.

Соңғы жаңалықтар