М.Сыздықовтың айтуынша, Қарағандыдағы аурухана 1991-жылы ашылған. Қазіргі жағдаймен бұл — ауыр науқастар, бірінші топтағы мүгедектер мен дәрменсіз қарттарды 1-2 ай мерзіммен тегін қабылдайтын қаладағы жалғыз әлеуметтік мекеме болатын.
«Бүгінде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелерге қоятын талап-тақауыры күшейді. Ал біздің мекеме жаңа талапқа сәйкес клиника немесе стационар деген категорияға кірмейтіндіктен облыстық денсаулық сақтау департаментінің желісімен бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі қысқартылды»,- дейді М.Сыздықов. «Заң бойынша бұның бәрі дұрыс. Біз — медициналық стационарға жатпаймыз. Бізде жатып емделетін жандар да сырқаттар емес, жалғызбасты дәрменсіз қарттар мен мүгедектер сынды белгілі бір әлеуметтік топ өкілдері болып табылады»,- деді ол. Сонымен бірге комитет өкілі «облыс атқамінерлері мекемені қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдайды» дегенге сенім білдіреді.
Бүгінгі жағдаймен науқастардың үштен бір бөлігі ауруханадан шығарылды. Қалғандары алдағы тәуліктерде үйлеріне жіберіледі. М.Сыздықовтың айтуынша, ауруханада туған-туыстары мүлдем жоқ, жалғызбасты 15 адам, соның ішінде Ұлы отан соғысының үш ардагері қалдырылады.
Қызыл жарты ай қоғамының Теміртаудағы екінші ауруханасының жағдайы да осымен бірдей.KZ-today тілшісіне облыстық комитеттен хабарлағанындай, ондағы науқастар да шығарыла бастады.
Екі ауруханада барлығы 100-120 адам емделіп жатқан.