Жарияланды: 340

Қызылодар облысында 270-тен аса адам құтқарылды

Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында 14 желтоқсан сағат 22.10-да Ақсуат елді мекенінде «Шымкент-Самара» тас жолында 93 жолаушы мінген «Сетра» автобусы сынып қалды.

Жолаушылар - Өзбекстан азаматтары. Қазалы ауданы ТЖБ-нің күшімен кеше сағат 03.30-да адамдар Ақсуат елді мекенінің №100 орта мектебіне көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Арал ауданында кеше сағат 07.20-да ауданнан 70 шақырым жерде 2 адам мінген «ФАБ» жүк көлігінің сынғаны жөнінде хабар келіп түсті. Қазалы ауданы бойынша жедел топ күшімен олар Ақбай елді мекеніне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Арал ауданында сенбі күні сағат 13.30-да «Шымкент-Самара» тас жолының 70 шақырымында 180 жолаушы мінген 2 автобус жолда сынып, тұрып қалды. Бұл жолы да жолаушылар Өзбекстан азаматтары болып шықты. Арал ауданы бойынша ТЖБ-нің 3 адамы мен 2 техникасының күшімен адамдар Арал қаласының «Ақжол» және «Саяхат» дәмханаларына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін