Қызылорда басшылары спортты дамыту мақсатында чемпионат жеңімпаздарына төленетін сыйақы көлемін өсірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда басшылары спортты дамыту мақсатында чемпионат жеңімпаздарына төленетін сыйақы көлемін өсірмек

Қызылорда басшылары спортты дамыту мақсатында чемпионат жеңімпаздарына төленетін сыйақы көлемін өсірмек

ҚЫЗЫЛОРДА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қызылорда басшылары спортты дамыту мақсатында Әлемдік және Азия құрлығы чемпионаттарының жеңімпаздарына төленетін сыйақы көлемін өсірмек, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 28 Ақпан 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz

«Жергілікті билік тарапынан жарыстардағы табыстары үшін төленетін ақшалай сыйақы көлемі айтарлықтай өседі»,- деп мәлімдеді Арал өңіріндегі бас жаттықтырушылармен және спортшылармен кездесуінде облыс әкімі Мұхтар Құл-Құлмұхаммед. «Әлем чемпионатында иеленген бірінші орын үшін — 7 мың АҚШ доллары, екінші орын үшін — 5 мың АҚШ доллары және үшінші орын үшін — 3 мың АҚШ доллары, ал Азия чемпионатында иеленген бірінші орын үшін — 3 мың АҚШ доллары, екінші орын үшін — 2 мың АҚШ доллары және үшінші орын үшін — 1 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалады»,- деді облыс әкімі.

Әкім үлкендер арасындағы ауыр атлетика бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы Илья Ильинге осы уақытта ай сайын 5 мың АҚШ доллары көлемінде стипендия төленетіндігін еске сала кетті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Қайсар» футбол клубының бюджетін құрайтын 1 млн АҚШ доллары — кәсіби құрама үшін көп қаржы емес екендігін мойындап отыр. «Көп кешікпей қаржы мәселесі шешілуге тиіс»,- деп үміттендірді әкім.

Облыстық денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевтың хабарлағанындай, аймақ басшысы осы жылы «Демеу» корпоративтік қорынан спорт жабдықтарын алу үшін 200 мың АҚШ долларын бөлуге уәде берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті