Қызылорда кеденшілері Шымкент қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда кеденшілері Шымкент қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады

Қызылорда кеденшілері Шымкент қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады

Қызылорда кеденшілері көлікті рәсімдеу тәртібін көпе-көрнеу бұзған Шымкент қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады,

  • 6 Маусым 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Бақыт Орданова.

Негізгі тұтыну тауарларының бірі боп саналатын автокөліктерге деген сұраныстың жоғары болуына байланысты, ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған жеңіл автомобильдерді өткізу мәселелері туралы» №682 қаулысы қабылданған болатын.

Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті арқылы 2010 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін 1800-ге жуық автокөлік осындай тәртіппен кедендік ресімдеуден өткізілді. Аталған қаулымен белгіленген ставкалар жеке тұлғаларға жеке пайдалануы үшін әкелген автокөлігін ресімдеуде айтарлықтай жеңілдік береді.

Алайда жеңілдік беруге кірмейтін көлікті осындай тәртіппен ресімдеу үшін жалған мәлімет ұсынуды ойлап тапқандар да бар болып шықты. Кедендік бақылау департаментінің контарабандаға қарсы күрес басқармасы Шымкент қаласының тұрғыны А.А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Бұл азамат шығарылған мерзімі 10 жылдан аспайтын, қозғалтқыш көлемі 1500-ден 3000 текше сантиметрге дейінгі автокөліктің әр текше сантиметріне төленетін 0,4 еуро ставканы пайдалану үшін екі бірдей автокөліктің шығарылған мерзімін бұрмалап көрсеткен. Көліктердің техникалық құжатының түпнұсқасындағы шығарылған күні, айы және жылына қатысты цифрлардың бірін ғана өзгерту арқылы автокөліктердің жасын 10 айға жасартқысы келгенге ұқсайды. Оның ресімдеуге ұсынған құжатта көрсеткен мерзімі мен техникалық құжаттың түпнұсқасындағы мерзімнің айырмасын, сонымен қатар екі азаматтың атынан ұсынылған кіріс ордерлеріне жүргізілген сот-қолтаңба сараптамасы арқылы кеден төлемдерін төлеген А.А. екенін анықтаған кеден қызметкерлері «құжаттарды алдап пайдалану арқылы тауарларды жалған декларациялау» әрекетін танып отыр. Автокөліктердің жалпы кедендік құны 1 млн. 634 мың 654 теңгені құраған, яғни ірі көлемді тауарға жатады.

Енді азамат А.А. өз әрекеті үшін заң шеңберінде жауап беретін болады.

Соңғы жаңалықтар