Қызылорда лицейінде геппатиттің А түрі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда лицейінде  геппатиттің А түрі тіркелді

Қызылорда лицейінде геппатиттің А түрі тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 қараша . Kazakhstan Today. Қызылордадағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде жұқпалы А гепатитін жұқтырғандар тіркелді. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында мемлекеттік санэпидбақылау қалалық басқармасы бастығының орынбасары Мэлс Жұбатханов мәлімдеді.

  • 10 Қараша 2006
  • 415
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараты бойынша, бүгінгі таңда тоғыз лицей оқушысы ауруханаға жатқызылған.

«Лицейде тазалық тәртібі сақталмаған. Сумен қамтамасыз ету және кәріз мәселесі түбегейлі шешілмеген», деп мәлімдеді М.Жұбатханов. Айтуынша, » оқу орындары мен тұрғылықты жерлерде оқушылардың жоғары тығыздығы байқалады».

Қазіргі кезде жатақханалар мен оқу орындарында толық залалсыздандыру шаралары жүргізілген. Лицейде демалыс тағы бір аптаға ұзартылды. 147 оқушы А гепатитіне қарсы егілді.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысы республика бойынша гепатитке шалдыққандар санынан бірінші орында. Жыл басынан бері 525 адам жұқпалы дертке шалдыққан, оның 80% — 14 жасқа дейінгі балалар. Эпидемиологтардың пайымдауынша, аурудың етек алуына ауыз су сапасының нашарлығы мен жеке бастың тазалығына мән бермеу басты себеп.

Мемлекеттік санэпидбақылау облыстық департаменті директоры Ерсұлтан Қуандықовтың айтуынша, жалпы алғанда Қызылорда облысы бойынша гепатитпен ауыру төмендей бастаған. «Өткен жылмен салыстырғанда 31%»,-дейді ол. Соған қарамастан, мамандар Жаңақорған, Шиелі, Қазалы аудандарында жұқпалы ауру өршіп кетуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта