Жарияланды: 590

Қызылорда: мал қамайтын тұрақтар айыппұл құнын көтеруді сұрап отыр

Қызылорда қаласының көгалданған жерлерін қоғаша жапырып жүрген малды қамайтын тұрақтар айыппұл құнын көтеруді сұрап отыр. Малға арналған мұндай айыппұл тұрағы еліміздің біраз өңірінде бар. Қазір Қызылордада қамалған бір ірі қарасы үшін иелері сағатына 300 теңге, ал қалған түліктердің әрбір басына 250 теңге төлейді. Айыппұлды төлегеннен кейін ғана малын алып кетуге рұқсат.

Арман Түкенов, «Көркейту» МКК бас инженері:

- Қаламыздың көркін келтіріп тұрған гүлзарларға зиян   тигізіп жатқан бейберекет жүрген малдарды “Көркейту” МКК базасында  уақытша қамап отырмыз. Уақ малдарға 250 теңге,сағатына, ірі қара малға сағатына 300 теңге.

Айыппұл тұрағына мал жасыл желек пен жаңа егілген гүлдерді жайпап жүрген жерінен  айдап әкелініп, қамалады. Қызылорда қаласын көгалдандыруға  биыл 70 млн теңгеден аса қаржы бөлініпті. Алайда қараусыз мал егілген гүлзарлардың ойранын шығарып, ортасында жайылып жүр. Жергілікті басшылардың осындай малға арнап айып тұрағын ашудан басқа амалы қалмаған. Орташа есеппен бұл тұраққа тәулігіне 10-15 ірі қара айдалып әкелінеді. Бірақ кейбір қожайындар малын алып кетуге асықпайды. Сол себептіиесі келгенше коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері жем-шөбін беріп, күзетіп отырады. Мал азығы үшін шығынданатындықтан, кәсіпорын айыппұл мөлшерін көтеруді сұрап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін