Қызылорда мен Шымкентте балалар суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда мен Шымкентте балалар суға батып кетті

Қызылорда мен Шымкентте балалар суға батып кетті

Астана.12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда мен Шымкентте балалар суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Мамыр 2008
  • 337
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, 11 мамырда 20.00 сағатта Қызылордада Сырдария өзенінде 3-4 жасар баланың денесі табылды. Оның кім екендігі анықталмады. Баспасөз қызметі хабарлағанындай баланың денесін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.

Сонымен қатар, Шымкентте 11 мамырда 19 сағат 30 минутта Қошқар -ата өзенінде екі жасар қыз баланың денесі табылды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай құтқару қызметінің сүңгуірлері қыз баланың денесін судан шығарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті