Қызылорда облыс орталығындағы мектеп директоры парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облыс орталығындағы мектеп  директоры парамен ұсталды

Қызылорда облыс орталығындағы мектеп директоры парамен ұсталды

Қызылорда облысындағы білім саласында тағы да шу шықты. Жаңақорғандағы ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегіндегі даудың басылғаны кеше ғана еді, енді облыс орталығындағы мектептің директоры парамен ұсталды. Ол шәкіртін үздік аттестат алатындардың тізіміне қосу үшін 30 мың теңге талап еткен. Қазір директорға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Бірақ ол әлі мектепте жұмыс істеп жүрген көрінеді.   

  • 15 Маусым 2011
  • 623
Фото - Caravan.kz

Қызылордадағы № 171 мектеп директоры өз кабинетінде пара алу кезінде ұсталды. Есіктен 30 мың теңге әкелуі тиіс ата-ана емес, қаржы полицейлерінің кіріп келетінін ол әсте күтпесе керек. Білім ошағының басшысы бұл соманы  «үздік  аттестат алып беремін»деп шәкіртінен сұратыпты. Мұнымен келсіпеген ата-ана құзырлы органдарға хабар берген.

Раушан Мамекова, Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

Мектеп директоры бөтеннің мүлкін алдап алу мақсатында ақша түрінде,жалпы көлемі 30 мың теңге талап еткен. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қалалық білім беру бөлімі болған жайды растады. Бірақ қазіргі кезде директордың сырқаттануына байланысты оған қатысты әзірге ешқандай шара қолданбағандарын айтты.


Бек Тумұрзаев, Қызылорда қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары
:

— Ол кісі   инфаркт пе, инсульт па, әйтеуір ауруханаға жатып қалды.  

Алайда мектеп ұстаздары директордың дін аман  екенін, жұмыста жүргенін айтуда. 

— Жаңа ғана кетті, түскі ас ішуге.

— Ол кісіге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр ғой.

— Білмедім ол жағын, жұмыс істеп жатыр.

Осылайша мектеп ұжымы директордың жұмысқа келіп жүргенін растап отыр. Мұның үстіне оның нақты қай ауруханада жатқанын ешкім дөп басып айта алмады. 

Соңғы жаңалықтар