Кезекті маусым Сыр бойы өнерінің қарашаңырағы белгілі ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың) «Тұрмағамбет» трагедиясымен ашылды.
Биыл 20-ға жуық спектакль қойылмақшы. Олардың арасында барлық дерлік жанрлардағы шығармалар бар. Сондай-ақ бірнеше премьера дайындалу үстінде.
Ал маусымның тұсаукесер спектаклін көрермендер жылы қабылдады. Мұнда айбынды ақынның ролін сомдаушы актер Руслан Ахметовтің өнеріне көпшілік разы болды.