Мұнда басты рөлдерді театр труппасының жас әртістері орындады. Атап айтқанда, Баян бейнесін Ақтолқын Төлепова, Қозыны — Арай Көшімбаев сомдады. Спектакльді театр режиссері мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов қойды.
Көрермендер классикалық туындының сахналық жаңа нұсқасын жылы қабылдады.