Қызылорда облыстық мәслихаты сайлаудың алғашқы қорытындыларын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облыстық мәслихаты сайлаудың алғашқы қорытындыларын жариялады

Қызылорда облыстық мәслихаты сайлаудың алғашқы қорытындыларын жариялады

Қызылорда облыстық мәслихаты сайлаудың алғашқы қорытындыларын жариялады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 540
Фото - Caravan.kz

Дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық мәслихатқа 21 депутат сайланды, тағы да 8 депутаттық мандат бойынша қайта дауыс берілмек. Облыстық мәслихатқа депутат болып сайланғандардың басым бөлігі әртүрлі компаниялар, фирмалар мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары болып табылады.

Жалпы облыс бойынша 147 депутат сайлануы тиіс, олардың 100-і қажетті мөлшерде дауыс жинады. 44 сайлау округінде қайтадан дауыс беріледі. Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаевтың айтуынша, үш сайлау округінде, атап айтсақ, Қызылорда қалалық, Жаңақорған және Шиелі аудандық мәслихаттарға депутат сайлау қайтадан өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар