Қызылорда облысы: 16 азамат қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысы: 16 азамат қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға  жатқызылды

Қызылорда облысы: 16 азамат қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Қызылорда облысында 16 азамат қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен Қазалы ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың барлығы ОңтүстікҚазақстан облысының Сайрам ауданынан келген жұмысшылар.

  • 10 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

Барлығы 7маусым күні Қазалы ауданындағы Әйтеке би ауылына су құбырын тартуға шақырылған екен. Жұмыстан келіпескі ғимаратқа түнеген олар ертеңінде жатқан жерлерінде кененің өріп жүргенін байқаған. Дер кезінде аудандық жұқпалы аурулар емханасына қаралған жұмысшыларды санитар мамандар ауруханаға жатқызып, қатаң бақылауға алды. Абырой болғанда әзірге ешқайсысынан қатерлі індет белгілері табылған жоқ. 


Ұлболсын Ақанаева, Қызылорда облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы директорының орынбасары
:

— Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  Он алты  адамды бірдей кене шаққанға байланысты облыстық  сараптама орталығына  жіберілді.

Соңғы жаңалықтар