Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысы әкімінің бірінші  орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл орынға ҚР Жоғарғы соты аппаратының жетекшісі болған Бейбіт Жүсіпов отырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Ақпан 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

Әкімнің бірінші орынбасары ретінде Б.Жүсіпов облыстағы құқық қорғау мекемелерінің іс-қызметін жауаптанып, барлық мәселелер бойынша өңір басшысын алмастыратын болады.

«Бейбіт Жүсіпов сенат депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің хатшысы, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде республиканың заңнамалық базасын жетілдіруге лайықты үлес қосты десек асыра айтқандық емес»,- деді кеше облыстық активтің жиынында осы тағайындау туралы түсініктеме берген өңір басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

М.Құл-Мұхаммед әкімшіліктегі ауыс-түйістерді қорытындылады. «Арал өңіріндегі аудандың 8 басшысының бесеуі өз орындарында қалды. Облыстық департаменттер мен басқармалардың 21 жетекшісінің 13-і өз лауазымдарын сақтап қалды»,- деді әкім.

«Бүгін біздің облыстың билік құрылымдарында түрлі буын өкілдері өз біліктілігі мен біліміне қарай теңдей таратылып тағайындалған»,- деді облыс әкімі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті