Қызылорда облысы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері ерлігі үшін марапаталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері ерлігі үшін марапаталды

Қызылорда облысы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері ерлігі үшін марапаталды

Қызылорда облысы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

  • 15 Маусым 2011
  • 630
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында Қызылорда облысының № 9 өрт сөндіру бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Нұрбол Ибрагимұлы Исанов, № 9 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі өртке қарсы қызмет сержанты Наурызбай Серікболұлы Жүсіпов «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгімен марапатталған болатын, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

2011 жылғы 7 мамырда 14 сағат 55 минутта орталық өрт сөндіру пунктіне Қызылорда қаласының теміржолындағы су толтыратын аспалы жолдағы өрт туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына № 9, 11 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылдары жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде жанғыш сұйығы бар 60 тонналық цистерна жалындап жатқандығы байқалды. Өртті сөндіру үшін Қызылорда облысының ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмысы қызметі» ММ-нің қосымша күштері және құралдары тартылды.

Оқиға орнында жанармайы бар 15, бензині бар 1 цистерна болатын. Сондықтан да өртті сөндіру қиынға соқты.

Өртті сөндіру кезінде тұтанған цистерна жарылысын және температураның көтерілуін болдырмау міндеті алға қойылды. № 9 өрт сөндіру бөлімі бастығының нұсқауы бойынша өртке қарсы қызмет сержанты Наурызбай Жүсіпов алдын ала кигізді сулап цистерна люгын жапты. Өзінің өмірін тәуекелге тігіп, қызметкер 10-15 минут ішінде оттегінің өту көзін жауып, кигізді ұстап тұрды.

Күрделі шұғыл жағдайда № 9 өрт сөндіру бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Нұрбол Исанов өрт сөндіру кезінде кәсіби әрекет етті, ер жүректілік, ұстамдылық және шыдамдылық танытты, жауынгерлерге біліктілікпен басшылық етті. Оның әрекетінің және жеке құрам өз міндеттерін нақты орындаудың арқасында оттың таралуы тоқтатылды. Өрт 15 сағат 35 минутта өшірілді.

Соңғы жаңалықтар