Қызылорда облысы: жұмыскерлердің КҚБ диагнозы расталған жоқ
Қазалы ауданы Әйтеке би ауылынан ауруханаға жеткізілген «Асыл-Ата» АҚ 16 жұмыскерінде «конго-қырым қанды безгегі» дагнозы қуатталған жоқ, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ. |
ТЖМ-нің РДО-сына дәрігерлер хабарлаған ақпаратқа сәйкес, «9 маусымда зерттеу жүргізілгеннен кейін «конго-қырым қанды безгегі» дагнозы қуатталған жоқ».
Бұрын хабарланғандай, Қызылорда облысының Қазалы ауданында жұмыс істейтін «Асыл-Ата» АҚ 16 жұмыскері «кого-қырым қанды безгегі» деген алдын ала диагнозбен аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Геморрагиялық (қанды) Қырым-Конго безгегі (лат. febris haemorrhagica crimiana) — кененің шағуы арқылы жұғатын өткір жұқпалы ауру, адамның терісі мен ішкі органдары қанталайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін