Былтырғы жылы аймақта осындай 27 жоба жүзеге асырылған болатын. Олардың жалпы құны 32,6 млрд. теңге болды. Осының арқасында жаңадан 938 жұмыс орны ашылды. Осы жобалардың ішінде бүгінде қиыршықтас, асфальт-бетон шығаратын өндіріс орындары мен тауарлы сүт фермасы жұмыс жасап тұр.
Ал биылғы жылы облыстың индустрияландыру картасына жалпы құны 41,6 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба енгізілді. Соның ішіндегі төрт жоба — өсімдік майын, қамыс жаңқаларынан тақтайша, қиыршық тас шығаратын және балық өңдейтін өндіріс орындары жылдың алғашқы жартысында қатарға қосылады.