Қызылорда облысында 14 түрлі уақытша өтемақылық тариф енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 14 түрлі уақытша өтемақылық тариф енгізілді

Қызылорда облысында 14 түрлі уақытша өтемақылық тариф енгізілді

Қызылорда. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті тексерулер нәтижесінде 14 түрлі уақытша өтемақылық тариф енгізіді. Бұл туралы облыстық антимонополиялық мекеменің директоры Нұрлан Пірімов хабарлады.

  • 11 Тамыз 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Қызылорда облысы тұрғындарының шығындварын өтеу сомасы жалпы алғанда шамамен 40 млн теңгені (39 048,02 мың теңге) құрады. Оның 3 млн астам теңгесі — екінші тоқсанда енгізілген 8 өтемақылық тарифтер бойынша», — деді Н. Пірімов.

Монополия субьектілерінің басты заң бұзушылықтары — материалдар мен жабдықтарды сатып алуда тендерлік процедураларға бағынбау және бекітілген тарифтік сметаны игермеу болып табылады.

«Сондай-ақ, жылдың бірінші жартысында тоғыз нұсқама беріліп, «КРЭК» АҚ, «Су құбыры» ҚКК, «Қайнар»ҚКК, «Арал су құбыры сервис» ҚКК, «Жаңақорған кендік емес материалдар комбинаты», «Қазалы Теміржолсу» ҚКК, «Қызылора су жүйесі» ҚКК секілді жеті заңды тұлға бюджетке 5,7 млн теңге көлемінде өтемақы төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Н. Пірімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар