Қызылорда облысында 18 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үй кезегіне қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 18 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үй кезегіне қойылды

Қызылорда облысында 18 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үй кезегіне қойылды

Қызылорда облысында прокуратура органдарының араласуымен18 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үй кезегіне қойылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

  • 30 Маусым 2011
  • 583
Фото - Caravan.kz

Биыл Байқоңыр қалалық прокуратурасы қадағалау аумақтағы білім беру мекемелері тарапынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарына тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Нақты айтқанда, Қармақшы аудандық білім бөлімі жанындағы қамқоршылық және қорғаншылық органының 2008-2010 жылдардың есебінде қадағалау аумақтағы Байқоңыр қаласы, Төретам кент және Ақай ауылдық округі бойынша 18 бала бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтар есебіне қойылмаған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67, 71 бабтарының талаптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың пайдалануына беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Сол сияқты «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59 бабының талаптарына сәйкес, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.

Алайда, Қармақшы аудандық білім бөлімі жанындағы қамқоршылық және қорғаншылық органымен аталған заңнама талаптары тиісті түрде орындалмау салдарынан, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі 18 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтардың есебіне бүгінгі күнге дейін қойылмаған.

Осыған орай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Байқоңыр қалалық прокуратурасы Қармақшы аудандық білім бөліміне заң бұзушылықтарды жою туралы 28-сәуірде ұсыныс енгізіп, нәтижесінде тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген 18 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй кезегіне қойылып, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Соңғы жаңалықтар