Қызылорда облысында 20 тамыздан кейін егістік суы іс жүзінде болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 20 тамыздан кейін егістік суы іс жүзінде болмайды

Қызылорда облысында 20 тамыздан кейін егістік суы іс жүзінде болмайды

Қызылорда. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасында судың жетіспеушілігіне байланысты Қызылорда облысында 20 тамыздан кейін егістік суы іс жүзінде болмайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Қызылорда су шаруашылығы" МҚК бастығының бірінші орынбасары Бегеш Жақып хабарлады.

  • 19 Тамыз 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Өзбекстанның гидрометеорологиялық бюроларының мамандары көптеген жылдар бойы жүргізілген бақылауларға сүйене отырып жыл басында-ақ алдағы судың жетіспеушілігі жайында ескерткен болатын», — деді Б. Жақып. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті барлық өңірлерге пайдаланатын судың мөлшерін белгілеген еді. Қызылорда облысы үшін 3,5 млрд текше метр су қарастырылған. Оның 2,9 млрд текше метрі суғару жұмыстарына, ал қалғаны экологиялық қажеттіліктерге есептелген.

«Көрсетілген мөлшер 2007 жылы бөлінген судың мөлшерінен 752 миллион текше метрге аз болып шықты», — деп толықтырды «Қызылорда су шаруашылығы» МҚК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар