Қызылорда облысында 2003-жылы егістік науқанына арнап 100 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 2003-жылы егістік науқанына арнап 100 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысында 2003-жылы егістік науқанына арнап 100 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысына 2003-жылы егістік жұмыстарына жеңілдетілген несие ретінде беру үшін республикалық бюджет желісімен 100 млн. теңге берілді, бұл 2002-жылғымен салыстырғанда 56 млн. теңгеге артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық әкімшіліктің ауылшаруашылығы жөніндегі бас маманы Жүрсін Опабектов хабарлады.

  • 12 Маусым 2003
  • 583
Фото - Caravan.kz

Егістік алқаптарының жалпы көлемі 2002-жылы 130 мың гектарды құраса, 2003-жылдың 6-маусымындағы жағдаймен 145,9 мың гектар болды. Соның ішінде күрішті қоса есептегенде астық дақылдары 81,8 мың гектарға, техникалық дақылдар 4,5 мың гектарға, жемдік дақылдар 41,5 мың гектарға, жеміс және көкөністер 22 мың гектарға егілді.

Облыста ауылшаруашылық дақылдарын өңдеудің жаңаша әдістері қолданылуда. Мәселен, күріш егуде дәстүрлі әдіспен қатар көшетпен отырғызу және тұқымды көгертіп себу секілді екі түрлі жаңа әдіс қолданылуда. Сонымен бірге, көкөністерді тамшыдан суғару тәсілімен теплицада өсіру әдісі қолданылып отыр.

Соңғы жаңалықтар