Ал 2005-жылы басқарманың реестріне төлем қабілетінен айрылған 235 кәсіпорын енгізілді. Олардың арасында ауылшаруашылығы құрылымдары да бар. Осындай кәсіпорындардың жалпы берешегі 2,8 млрд. теңгені құрайды. 44 кәсіпорын жабылу алдында.
Банкроттық процедурасынан өтушілердің арасында «Береке нан» ААҚ, «Қазалы су құбырлары», «Қызылорда ауданааралық жылу электр орталығы» АҚ сынды аймақтағы танымал кәсіпорындар да бар.
С.Наметшаның айтуынша, «Сирена» ЖШС, «Аяз» ЖШС, «Мақсат» ЖШС тәрізді үш кәсіпорын жетекшілерінің үстінен жалған банкрот деп жариялау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге қазір 10 кәсіпорынға қатысты конкурстық іс жүргізу барысындағы заң бұзушылық материалдары соттарда қаралуда.