Қызылорда облысында 522 мың ағаш егілді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 522 мың ағаш егілді

Қызылорда облысында 522 мың ағаш егілді

Қызылорда облысында "Жасыл ел" мемлекеттік бағдарламасы аясында 214 гектар алқапқа 522 мың ағаш түрлері егілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорын пайдалануды реттеу департаментінің директоры Мәжит Өтемұратов хабарлады.

  • 17 Тамыз 2005
  • 622
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, алдағы үш жылда тағы 500 гектарға 1,3 млн. түп ағаштар мен бұталар егу көзделген. «Автожолдарды бойлай жасыл желек құру үшін әрбір ауданға 1 млн. теңгеден бөлінді»,- деді М.Өтемұратов.

Өңірді көгалдандыру және жайластыру шарасына алғаш рет жергілікті институттар мен коллеждердің 500 студенті жұмылдырылды. Жастар соның арқасында 27 мың теңгеден жалақы алды.
Департамент басшысының айтуынша, «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылордада Қазақстанның тұңғыш президентінің саябағын құру межеленген. Алдын-ала есеп бойынша саябақтың іргетасын қалау үшін 20,6 млн. теңге қажет.

Перейти к новостям спорта