Қызылорда облысында 800-дей саяжай ғимараты су астында қалды; Сырдарияның жағалауынан 1500 адам көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 800-дей  саяжай ғимараты су астында қалды; Сырдарияның жағалауынан 1500 адам көшірілді

Қызылорда облысында 800-дей саяжай ғимараты су астында қалды; Сырдарияның жағалауынан 1500 адам көшірілді

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында жұмадан бері 778 саяжай ғимараты су астында қалды; Сырдарияның жағалауынан 1500 адам көшірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Ақпан 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

Мәселен, 9-ақпан, жұма күні Қызылордадан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде бөгет бұзылу салдарынан «Эдельвейс», «Водхоз» және «ПМК-70» саяжай учаскелеріндегі 45 саяжай су ішінде қалды. Жалпы алғанда 14,5 гектар аумақты су жайлады. Жағалауды бекіту жұмыстары сол күні жүргізілді.

Алайда, ақпанның 10-ынан 11-іне қараған түні Қызылорда гидроторабының маңында мұз жиналу салдарынан Жаңадария маңында өзен тағы да арнасынан шықты. «Қала іргесіндегі «Тепловик», «Коммунальник» және «ПМК-29″ учаскелерді су басты», деп хабарлайды министрлік.

Құтқару шараларының барысында 892 адам басқа жаққа көшірілді. Мекеме ақпаратына сәйкес, адамдар Қызылорда қаласындағы №101 орта мектепте орналастырылды.

Қазір жағалауды бекіту және «Тепловик» және «ПМК-70» учаскелерінде, Қызылорда гидроторабы мен Александровск ауылында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Зілзала зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің апаттан құтқару қызметінің 2000 адамы, 300 техникасы, «АН-30» ұшағы мен «МИ-171» тікұшағы жұмылдырылды. Мекеме ақпаратына сәйкес, жұмадан бері жалпы алғанда Сырдарияда мұз бөгетті бұзу жұмыстары 20 мәрте жүргізіліп, өзен арнасын бойлай 4,5 шақырым аумақ тазаланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті