«Мұндай кәсіпорын құру тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жағынан да маңызды»,- деді департамент директоры. Нәтижесінде негізгі өндіріс бойынша жаңадан 600 жұмыс орны, ал қосалқы өндірістерде тағы 400 жұмыс орны құрылады. Зауыт 2007-жылы пайдалануға берілуге тиіс.
Әйнек өндіретін зауыттың негізінде Қызылорда облысында әйнек пен одан жасалатын өнімдердің кластерін дамытуға жағдай туғызу көзделіп отыр. Пилоттық кластер құру жөніндегі тиісті қаулыны республика үкіметі 2005-жылдың маусым айында бекіткен, деді департамент директоры. Арал өңірі әйнек өндіруде қолданылатын басты шикізат — кварц құмына бай екені белгілі.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, қазіргі таңда Қызылорда облысында жалпы құны 36,6 млрд. теңгені құрайтын 11 инновациялық инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті