Қызылорда облысында әкімдік өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында әкімдік өртеніп кетті

Қызылорда облысында әкімдік өртеніп кетті

Ең жақын өрт сөндіру қызметі әкімдіктен 51 км жерде болған, өрт сөндірушілер оқиға орнына 45 минутта жетті.

  • 2 Қараша 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысында Жалағаш ауданында ауыл әкімдігі өртенді.

Таңғы сағат 07.15-те Жанталап ауылындағы ғимарат түгел отқа оранып, өрт сөндірушілер оқиға орнына 45 минутта жеткен. Ең жақын бөлімше 51 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Өрт  08.24-те ауыздықталып, 9.00-де толығымен сөндірілді.

ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың берген мәліметі бойынша, өрт аумағы 84 шаршы метр. Өртті сөндіруге 5 адам, бір техника және жеті ерікті жұмылдырылды.


Төтенше жайт салдарынан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.