Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін жергілікті бюджеттен 12,5 млн. теңге бөлінген. Тендер жеңімпазы су тасимыз деген желеумен автокөліктер сатып алған. Алайда, сараптама қорытындысына жүгінсек, сатып алынған «вакуумдық машиналар ауыз суды тасымалдауға жарамайды», бұл — ассенизаторлық жұмыстарда пайдаланылатын техника. Сонымен бірге осындай автокөлік пен ауыз су тасуға қажетті автокөлік құнының өзара айырмашылығы 422 мың теңгеге тең. Соның салдарынан жеке кәсіпкердің заңсыз тапқан кірісі 3,7 млн. теңгеден асқан.
Компания басшылығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық жөніндегі 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті