Жарияланды: 580

Қызылорда облысында бір әйел немересін жүз мың теңгеге сатып жіберген

Қызылорда облысында 46 жастағы әйел немересін 100 мың теңгеге сатып жіберген. Белкөл қыстағының тұрғыны өз қызының бір жарым жасар сәбиін қызылордалық азаматқа саудалап жатқан жерінде қолға түсті.

Безбүйрек әжеге ауылдың тұрғыны делдалдық жасапты. Қазір есін білмейтін нәрестені саудаға салған екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әжесі 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай оқиға Қызылорда облысында бірінші рет тіркеліп отыр.

Бағлан Әли, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі:

- Қызы некесіз бала туып алған. Қызы жағдайын жасасын деп, құтылу мақсатында көршілеріне айтып жүрген, «бұл менің қызымның баласы емес, Арал ауданындағы бір туысымның баласы»деп. Сосын бір көршісі адам тапқан, сөйтіп туған әжесі немересін сатып жіберіп, 100 мың теңге пайда көрген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть