Қызылорда облысында бір әйел немересін жүз мың теңгеге сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында бір әйел немересін жүз мың теңгеге сатып жіберген

Қызылорда облысында бір әйел немересін жүз мың теңгеге сатып жіберген

Қызылорда облысында 46 жастағы әйел немересін 100 мың теңгеге сатып жіберген. Белкөл қыстағының тұрғыны өз қызының бір жарым жасар сәбиін қызылордалық азаматқа саудалап жатқан жерінде қолға түсті.

  • 28 Мамыр 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

Безбүйрек әжеге ауылдың тұрғыны делдалдық жасапты. Қазір есін білмейтін нәрестені саудаға салған екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әжесі 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай оқиға Қызылорда облысында бірінші рет тіркеліп отыр.

Бағлан Әли, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі:


Қызы некесіз бала туып алған. Қызы жағдайын жасасын деп, құтылу мақсатында көршілеріне айтып жүрген, «бұл менің қызымның баласы емес, Арал ауданындағы бір туысымның баласы»деп. Сосын бір көршісі адам тапқан, сөйтіп туған әжесі немересін сатып жіберіп, 100 мың теңге пайда көрген.

Соңғы жаңалықтар