Қызылорда облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды
Қызылорда облысында дауылдап соққан күшті желдің салдарынан жоғары қуатты электр бағаналары құлап, бірнеше ауыл жарықсыз қалды. |
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1 маусым күні кешкі сағат сегіз жарымда Арал ауданының Аққұлақ тұрғын кентінде кенеттен соққан ұйытқыма жел жоғары қуатты үш тіреуіш діңгекті құлатып, Бөген, Қарашалан, Қаратерен және Тастақ кенттерінің барлығы 700-ден астам абонентін жарықсыз қалдырды.
Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-ның 2 адамы мен 1 техникасы, Арал ауданы электршілерінің 3 бригадасы және 3 техника айналысуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін