деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Сағатбек Сүлейменов Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы, Әбдірахман Абдолла Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, Артур Наримов Жалағаш аудандық сотының төрағасы, Қайыркелді Темірбаев Қазалы аудандық сотының төрағасы, Ғайса Алмахан Шиелі аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Сонымен қатар осы Жарлықпен Мұхтар Еркінбеков Байқоңыр қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылып, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына судья болып тағайындалды. Ал Қазалы аудандық сотының төрағасы Мейрамбек Жұбанғанов пен Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы Самат Әбшекенов судья өкілеттіктері тоқтатыла отырып, судьяға қойылатын талаптарды орындамағаны үшін атқаратын қызметтерінен босатылды.