Қызылорда облысында бұқаралық спортпен айналысушылар жалпы халықтың 14,4 пайызын құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында бұқаралық спортпен айналысушылар жалпы халықтың 14,4 пайызын құрайды

Қызылорда облысында бұқаралық спортпен айналысушылар жалпы халықтың 14,4 пайызын құрайды

"Жол картасы" бағдарламасын орындау барысында Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында 7 бақылау шараларын жүргізді.

  • 14 Шiлде 2010
  • 556
Фото - Caravan.kz

Тексеру қорытынcдысымен 5 жағдайда кемшіліктерге жол берілгені ашылды.

Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау жалпы сомасы 642,5 млн. теңгенің жолсыздықтарын анықтады.
Атап айтқанда, Қармақшы аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2010 жылғы сәуірдің 19-да мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсілімен өткізу барысында оны ұйымдастырушы 97,7 млн. теңгенің конкурстық құжаттамасын құрылыс жұмыстарын жүргізу, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, авторлық және техникалық қадағалауларды жүргізу қызметтерін бірыңғай конкурс аясына енгізген. Бақылау материалдарының қорытындысы тиісті шаралар көру үшін Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне және облыстық прокуратураға жолданды.
Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінде әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімдері біліктілік талаптарын сәйкес келмесе де Тереңөзек кентінің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 18,3 млн. теңгеге конкурс өткізілген. Сондай-ақ облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында конкурс тәсілі арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу заңдылықтарынан 403,4 млн. теңгеге және облыстық білім басқармасында 123 млн. теңгеге конкурстың қорытындысына әсер етпейтін бұрмалаушылықтар анықталды.
Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Жанар и К» толық серіктестігінің 4 қызметкеріне жалған құжаттар жасау арқылы негізсіз 149,7 мың теңге төленген. Бақылау материалдары тиісті шаралар көру үшін облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жолданды.