Қызылорда облысында дәрігерлер 11 жасар ұл қанды безгекке шалдықты деп күдіктенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында дәрігерлер 11 жасар ұл  қанды безгекке шалдықты деп күдіктенуде

Қызылорда облысында дәрігерлер 11 жасар ұл қанды безгекке шалдықты деп күдіктенуде

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қырым қанды безгегінің белгілерімен 11 жасар ұл жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бала тұратын Сүттіқұдық ауылы мен оған іргелес жатқан елдімекендерде қазір кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған 13 адам дәрігердің бақылауына алынды.

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Ерсұлтан Қуандықовтың ақпараты бойынша, бұл жаздың басынан бері облыста қырым қанды безгегі тіркелген екінші оқиға. Жуырда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан Амангелді ауылының бір малшысы аурудан айығып шықты. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Е.Қуандықовтың айтуынша, 1987-жылдан бері облыста қырым қанды безгегімен 80 адам ауырып, 13 адам қайтыс болды. Қазіргі жағдаймен Қызылорда өңірінде кенеге қарсы өңдеу шараларын жүзеге асыруға облыстық эпидемиологиялық қордан 3,5 млн. теңге бөлінді. Кененің дәртүрлі мекендерімен бірге жайылымдар мен үй жануарлары да санитарлық өңдеуден өткізілуде.

Перейти к новостям спорта