Мекеме ақпаратына сәйкес, Шиелі ауданының екі тұрғынын да кене шағып алған. Ақмай ауылының 53 жастағы тұрғыны аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 21-тамызда жатқызылған. Ертеңінде 1-мамыр атындағы кенттің 13 жастағы тұрғыны Қызылорда облыстық ауруханасына жатқызылды.
«Қазір жұпалы ауру ошақтарында мемлекеттік санитарлық қадағалау жөніндегі облыстық департаментінің мамандары эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыруда»,- деп хабарлайды министрлік.