Қызылорда облысында екі бала суға кетіп, бір адам электр тогынан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында екі бала суға кетіп, бір адам электр тогынан қайтыс болды

Қызылорда облысында екі бала суға кетіп, бір адам электр тогынан қайтыс болды

Соңғы күндерде Қызылорда облысында екі бала суға кетіп, бір адам тоққа түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

  • 1 Маусым 2011
  • 593
Фото - Caravan.kz

Облыстың Шиелі ауданы Қарғалы елді мекені тұсында Сырдария өзеніне 1993 жылы туған жасөспірім кетіп қалған. Оқиға болған жерге Шиелі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 2 адам, 1 техника және Суда құтқару қызметінен 4 адам 1 техника жетіп, мәйітті іздестіру жұмыстарын жасаған. Дарияның келесі құрбаны Қазалы ауданы Жалаңтөс баһадүр ауылында орын алды. Осындағы «Водокачка» учаскесі маңында 2006 жылы туған бала суға кеткен. Марқұмның денесін 18 сағат 10 минутта жергілікті тұрғындар судан шығарған.

Жалағаш кенті Т.Жүргенов көшесінде «АСАР» ЖШС жұмысшысы, 1992 жылы туған жас жігіт электр-монтаждау жұмыстары кезінде электр тогына тартылып, қаза болған.

Соңғы жаңалықтар