Қызылорда облысында екі жүк көлігінің соғысуы салдарынан мұнай төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында екі жүк көлігінің соғысуы салдарынан мұнай төгілді

Қызылорда облысында екі жүк көлігінің соғысуы салдарынан мұнай төгілді

Қызылорда облысында екі жүк көлігінің соғысуы салдарынан мұнай төгілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 295
Фото - Caravan.kz

Апат Қызылорда-Құмкөл автожолының 30-шақырымында 31-тамызда 12 сағат 30 минутта болған. 30 тонна мұнай тиеп келе жатқан «МАЗ» автокөлігі мен 16 тонна солярка тиеген «КамАЗ» автокөлігі соқтығысып қалды. Соның салдарынан «МАЗ» автокөлігі аударылып кетіп, одан 2-2,5 тонна мұнай төгілді. Жараланған МАЗ жүргізушісі ауруханаға түсті.

Агенттік ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға орнында «Транс Сервис» ЖШС-нің күшімен апат зардабын жою жұмыстары жүзеге асырылып, мұнай төгілген жер қоршалып, мұнай жиналып, пайдаға жаратылды.

Перейти к новостям спорта