Қызылорда облысында ірі көлемде жалған ақша партиясы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында ірі көлемде жалған ақша партиясы анықталды

Қызылорда облысында ірі көлемде жалған ақша партиясы анықталды

Қызылорда. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында ірі көлемде жалған теңге банкноттарының партиясы анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

Облыстық қаржы полициясы штабының бастығы Бақытжан Ниязовтың айтуынша, «Қызылорда қаласының әйел тұрғыны шағымдана келіп, облыс орталығындағы бір банк бөлімшесінің есеп-касса бөліміне ақша салуға келген кезде белгісіз біреу одан ірі көлемдегі ақшаны кіші купюраларға ауыстырып беруді сұрағанын жеткізді». Сөйтіп, 300 000 теңге ауыстырылған.

Ақшаны санаған кезде кассир сезіктене бастаған. Бірінші тексеру бірден ақшаның жалған екенін растады.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде төрт тәулікте күдіктілер анықталды. Олардың пәтеріндегі тінту кезінде 10000 теңгелік жалған купюралардың 11 данасы, жалпы алғанда 110 000 теңге табылған.

Сөйтіп, 400 мың теңгеден астам жалған ақшаны айналымнан шығаруға мүмкіндік туды, дейді департаменттегілер.

ҚР Қылмыстық кодексінің 206 -бабының 2-тармағының «а» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл қылмыстық іс бойынша бір күдікті қамауға алынды.

Жыл басынан бері, Б.Ниязовтың айтуынша, жалған ақша жасау дерегі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған. Ал осы жолғысы — ең ауқымды партия болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар